ОРАЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 380-2-бабы 1-бөлімі бойынша екі елдің азаматтығын алған А. деген азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2007 жылғы наурызда РФ азаматтығын алған ол, 2012 жылдың қаңтарында Зеленов ауданы Поливное ауылында ҚР азаматы ретінде қайта тіркелген. Яғни күші жойылуы тиіс қазақстандық жеке куәлік пен төлқұжатты пайдалануға жол берген.
Аталған азаматқа 50 АЕК түрінде (80900 теңге) айыппұл салынды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).