КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Қосшы қаласындағы тұрғын үйдің төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен 6 жасар бала ауруханаға жатқызылды.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға 16-шілдеде болған.
«Ата-анасы көз жазып қалған 2018 жылғы ұл бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қазіргі кезде ол ауруханаға жатқызылды», - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарды кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға шақырады.
Айта кетсек бұдан бұрын Ақмола облысында бір бала терезеден құлағанын жазған едік.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.