Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы әкімдік ардагер-жауапкермен бір бөлмелі пәтерді жалға алу туралы келісімге келген. «Соттағы талқылау барысында 2016 жылдың наурыз айында жауапкер ауырып, Астанада ем алып жатқанда, оның қызы әкесінің еміне ақша жинау мақсатында, пәтерді екі айға жалға берген, - деп жазылған ақпаратта. - Жауапкер бұл туралы білген жоқ. Қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысының ардагері аталған пәтерде тұрып жатыр».
Сот жауапкердің жасын және Ұлы Отан соғысының ардагері екенін есепке алды. Сот шешімімен ардагерді пәтерінен шығару туралы Қостанай қаласы әкімінің талабы қабылданбады.