сондай-ақ республикалық малды асылдандыру орталығына, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығына, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына қаражат бөлудiң жылдық сметасы бекiтілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы
Астана қаласы 2012 жылдың 22 мамырынан №3-2/262 бұйрық
Асыл тұқымды өнiм (материал) түрлерiн мемлекеттік қолдау бағыттары бойынша өңірлерге бөлінген бюджеттiк субсидиялардың көлемiн, сондай-ақ республикалық малды асылдандыру орталығына, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығына, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына қаражат бөлудiң жылдық сметасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 516 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларының 7-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) өңірлер бөлiнiсiнде және асыл тұқымды өнiм (материал) түрлерi бойынша бюджеттiк субсидиялардың көлемi осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) республикалық малды асылдандыру орталығына қаражат бөлудің жылдық сметасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығына қаражат бөлудің жылдық сметасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына қаражат бөлудің жылдық сметасы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті 2012 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға ағымдық нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттерге уақтылы аударуды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал шаруашылығы департаментi:
1) өз құзыретi шегiнде субсидиялаудың бекiтiлген көлемдерiне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттермен аударылған қаражатты пайдалану мониторингiн жүргiзсiн.
2) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы жетекшiлiк ететін ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Министр А. Мамытбеков
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 мамырда Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7683 болып енгізілді.
Ауыл шаруашылық министрлігінің бұйрығына қосымша баспасөзде жарияланды.