Қостанай қаласының тұрғынын алдап соққан телефон алаяқтарын Павлодарда іздестіруде

ҚОСТАНАЙ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай қаласының 29 жастағы азаматшасы оған бұл жалғанда жоқ лотерея бойынша адам сенгісіз орасан сыйлықтарға уәде берген телефон алаяқтарының алдауында қалды.

ІІД баспасөз қызметінің бастығы Елена Кашарина хабарлағандай, зардап шеккен азаматша полицияға жыларман болып келген арызда айтылғандай, өз жемтігімен байланысты алаяқтар ұялы телефонның қысқа хабарламалары арқылы да, дауыс байланысы арқылы да орнатқан. Аңқау әйелді үлкен сыйлыққа кенелдіңіз деп алдаған алаяқтар, оның сеніміне кіріп, оларға бірнеше төлем картасының кодтарын хабарлауды өтінген. Одан кейін олар азаматшаға автомобиль «ұтып» алғанын хабарлап, оның өздеріне 60 мың теңге көлемінде қаржы аударуына қол жеткізіпті.

«Алаяқтар байланысқа шықпай қойғаннан кейін, зардап шеккен азаматша полицияға хабарласты, - деп атап өтті Е.Кашарина. - Тергеу барысында анықталғандай, телефон қоңыраулары Павлодар аумағынан шалынған. Осы алаяқтыққа кінәлілерді жауапкершілікке тартуға қажетті барлық әрекеттер қолға алынды».