Қостанай-Қарабұтақ тасжолында автовоз аударылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында автовоз жол бойында аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған облыстың полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 11:06-де «Қостанай-Қарабұтақ» тасжолының 127 шақырымында 40 жастағы автовоз жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік жолдан тайып кетті. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Қазір автовозды эвакуациялау жұмысы жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Осы орайда полиция департаменті көлік жүргізушілеріне сақ болуды ескертеді.

«Полиция көлік жүргізушілеріне ауа-райын хабарлап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, жол жүру ережесін сақтау жаяу жүргіншілерге де қатысты», - дейді ведомстводан.