Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Е.Спанов 31 жаста, ол Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің түлегі. Мамандығы экономист-менеджер. Облыстық экономика басқармасында 10 жыл жұмыс істеген, осыған дейін басқарма басшысының орынбасары болған.
Басқарманың бұрынғы басшысы Галина Кисленкова бір ай бұрын қызметтен кету туралы өтініш жазған.