Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары қоршаған ортаны қорғауға жиналатын алымды арттырды

ҚОСТАНАЙ. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессия отырысында депутаттар Рудный ЖЭО мен Троицк МРЭС (кәсіпорын Ресейге тиесілі) алынатын салықты арттыруға дауыс берді.

Қостанай облысы аумағына күл мен қоқыс ретінде қалдық шығарып отырған бұл компаниялар енді Қостанай облысының бюджетіне 50 пайызға ұлғайтылған көлемде ақша төлейтін болады.

Осылайша облыстық бюджет осы жылдан бастап 500 млн. теңге көлемінде айтарлықтай ірі кіріске ие болады.