Бүгін облыстық әкімдікте В. Мейстер әріптестерінен жылы лебіздер мен тілектерді, ескерткіш сыйлықтарды қабылдады. Атап айтқанда, Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Мейстердің үлкен тәжірибесін атап өтіп, өзінің кеңесшісі болуға ұсыныс жасады.
В. Мейстер коммуналдық салада тәжірибелі маман, ұзақ уақыт бойы ТКШ нысандарында жұмыс істеді, қостанайлық жылу компаниясын басқарды.