Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, С.Карплюк бүгін аймақ басшысы Нұрәлі Сәдуақасов қатысқан кеңесте таныстырылды.
С.Карплюк Қостанай қаласында туған, 46 жаста. Мамандығы - инженер-химик-технолог. Қостанай облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасында, сондай-ақ Қостанай облыстық экономика, индустрия және сауда департаментінің бөлім бастығы болып жұмыс істеген. Қостанай облыстық энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаментіне басшылық еткен. Соңғы кездері ҚР индустрия және сауда министрінің кеңесшісі, ҚР министрліктеріндегі бірқатар департамент пен комитеттерде басшылық қызметте болған. 2014 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.