Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкім қызметіне соңғы уақытқа дейін «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып жұмыс істеген Амантай Балғарин тағайындалды.
49 жастағы Амантай Кәкімбекұлы Балғарин - ауыл шаруашылығы саласының маманы, оның бизнесте де, мемлекеттік қызметте де тәжірибесі мол.
Наурызым ауданының бұрынғы әкімі Боранбай Кеңесбаев өз еркімен өтініші бойынша қызметтен босатылды.