14:33, 06 Қаңтар 2009
Қостанай облысында 68 жаңа кәсіподақ ұйымы құрылды
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Былтыр Қостанай облысында, «Ұжымдық келісімшарт жаса» жалпыреспубликалық акциясын өткізу кезеңінде 68 жаңа кәсіподақ ұйымы құрылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бір жылдың ішінде Қостанай облысында 1328 ұжымдық шарт жасалды. Кәсіподақтардың жұмыс қорытындысы сөз болған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кеңейтілген отырысында жария етілген мәліметтер бойынша, облыста жұмысшылардың құқықтарын қорғайтын 2505 құжат бар.