12:34, 30 Наурыз 2009
Қостанай облысында 8,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылатын болады
ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында Қостанай облысында 2009 жылы 8 564 жұмыс орындарын құру көзделіп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Облыс халқын аймақтық еңбекпен қамту стратегиясы ең алдымен жаңа жұмыс орындарын құру арқылы іске асырылатын болады, ? деді Еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Шолпан Жақытова. ? Осы 8,5 мың жаңа жұмыс орындарының ішінде 3,8 мыңнан астамы ? уақытша және маусымдық. 4 722 тұрақты жұмыс орындары енгізіледі. Наурыздың 1-індегі жағдай бойынша 1,9 мың жұмыс орындары құрылды. Жұмыс орындарын енгізудің қарқыны өткен жылғы деңгейге қарағанда 183,8 пайызды құрады».
Статистикалық деректерге сәйкес шағын бизнес аясында жаңадан ашылған тұрақты жұмыс орындары 40,2 пайызды немесе 298 жұмыс орнын құрады.Қостанай облысында 2009 жылы бір мың әлеуметтік жұмыс орындарын құру көзделген. Ол үшін аудандық және қалалық бюджеттерден 42 миллион теңгеге жуық сома бөлінді.