НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Нечаевка ауылында екі адам 80 жастағы зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен, деп хабарлайды alau.kz.
Бұл ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі де растап отыр.
Күдіктілер зейнеткерді үркітіп-қорқытып, ақшасын тартып алмақ болған. Осы кезде қария қарсылық көрсеткен, кейін олар үйді тастап шыққан.
«Жапа шеккен тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінген. Олар болса ағалы-інілі екі күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді» делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған вактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу (ҚР ҚК 192-бабы бойынша) жүріп жатыр.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.