Қостанай облысында адамдарды азаптаған бұрынғы полицейлер сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Қарабалық аудандық ІІБ-нің екі бұрынғы полицейі азаматтарды азаптап, қинап, жәбір көрсетуде айыпты деп танылды және бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел уәкіл Нұрлан Сәрсембаев пен учаскелік инспектор Арман Төлегенов 20 жастағы жергілікті тұрғын Любовь Дорошенконы ұрып-соғып, азаптау жолымен дүкенге жасалған ұрлықты мойнына ілгісі келген.

Іс материалдарына сәйкес, сәуір айында полицейлер Дорошенконы бекініс пунктіне әкеліп, әбден ұрып-соққан. Соның салдарынан Любовьтің дабыл жарғағына зақым келген. Сондай-ақ, оны спиртті ішімдікті көп ішеді деп есепке қойып, ата-ана құқығынан айырып, саусақтарыңды кесіп тастаймыз деп қорқытқан. Ол уақытта әйел бала емізетін ана болған. Сотта полицейлер тұрақты ақпарат берушінің нұсқауымен Дорошенконы жедел жауап алуға шақырғанын айтты.  Алайда сотта еш айғақ келтіре алмады.

Олар өз айыбын сол күйі мойындамады. Сот Сәрсембаев 3,5 жылға, ал оның әріптесі Төлегенов үш жылға жалпы режимдегі колонияға жабылды. Қылмыскерлер сот залында тұтқындалды. Олардың адвокаты Татьяна Антонова үкіммен келіспейтінін және апелляциялық шақым түсіретінін мәлімдеді.