Бұл ақпаратты Жанкелді ауданы Албарбөгет ауылдық октругінің әкімі Отаралы Біржікенов растады.
О.Біржікеновтың айтуынша, екеуінің байланысы бар деген қорытынды шығаруға әзірге ерте. Себебі, зертханалық сараптамадан өтіп, расталған жоқ. Баршаға белгілі, мамыр айында бөкендердің жаппай қырылғаны анықталған. Шаруа қожалықтарының бірінде бірнеше мал басы құтырма ауруынан қырылды. Ал, сайғақтарда бұл ауру белгісі табылған жоқ. «Мамыр айының соңында төрт қожалықта бірнеше бұзау, тайынша арам өлген. Шаруашылық жағдайды бақылауға алып, сынамасын зерттеуге жіберді. Мал егу шарасы жүріп жатыр», - деді ол. О. Біржікеновтің айтуынша, жеке қоралдарда негізінен мал басы аман. Өлім-жітім шаруашылық қожалықтарында, атап айтқанда Бұл Кеңес, Аралбай, Қоқалат, Қарақоға, Албарбөгет кенттерінде орын алды.