Қостанай облысында астық жинау толықтай аяқталуға жақын

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында дәнді-дақылдар алқабының 30 пайыздан астамы жиналды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы келтірген мәліметтерге сүйенсек, Қостанай облысында 1,4 млн. гектардан астам астық бастырылды. Астықтың жалпы жиналымы 800 тоннадан асты. Орташа астық өнімділігі гектарынан 6,9 центнер болды. Астықтың өнімділігі жағынан аграршыл-шенеуніктердің ойынша, көшбасшылық орында Федоров, Қарабалық және Ұзынкөл аудандарының егіншілерін атап отыр (бұл жерлерде гектардан 10-10,5 центнер жинауда). Астық өнімділігінің ең төмен көрсеткіші - облыстың оңтүстігіндегі Жангелдин ауданында (гектардан 3,5 центнер).

Қостанай облысындағы астық жинау науқаны таяудағы екі аптада аяқталады деп күтілуде.