Облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл оқиға жексенбі, 19 тамыз күні түстен кейін Меңдіқара ауданының Буденновск кентінде орын алды. Егістік жерлер «Иволга-Холдинг» компаниясының иелігінде болды.
Өртті сөндіруге 21 адам мен арнайы 7 техника бірлігі жұмылдырылды. Тобыл орман шаруашылығы қызметкерлерінің күшімен өрт сағат 18:30-да ауыздықталып, 19:20-да толық жойылды. Қаза тапқандар жоқ, келтірілген шығын анықталуда.