Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз іздестірілуде

ҚОСТАНАЙ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның «Твиттерінде» Жаңа жыл алдында жоғалып кеткен оқушы

Настя Спивактың іздестіріліп жатқандығы туралы ақпарат пайда болды.

Хабарланғандай, полиция қыздың жоғалуы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 69-бабы бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Процессуалдық шешім жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының ауқымын кеңейту үшін қабылданды.

Іс бойынша жұмыс істеп жатқан іздестіру тобының саны үшеуге арттырылды. Іздестіру облыстың барлық аймақтарында жүруде. Негізгі іс-шаралар Қостанай, Рудный, Лисаковск және Жетіқара қалаларында жүргізілуде.

Соңғы жедел ақпараттарға сәйкес, Настяны соңғы рет 9 қаңтарда Жетіқара қаласында көргендер бар. Іздестіруге еріктілер және Настяның сыныптастары қосылды.