Көліктердің үшеуі де «ВАЗ» маркасының түрлі нұсқалары болып шықты. Жасөспірім сәйкес келген кілттер арқылы көліктің есігін ашып, тұтандыру сымдарды тұйықтау арқылы оталдырған. Көліктердің қай-қайсысының да дабыл қағу жүйесі болмаған.
Ұрланған үшінші көлікпен келе жатқанда жас жігіт апатқа ұшырап, көлікті қатты зақымдаған.
ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аталған факті бойынша Лисаковск МІІБ тергеу бөлімінің қызметкерлері 185-баптың 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Кәмелеттік жасқа толмаған бала ата-анасының қарауына жіберіліп, босатылды.