10:29, 08 Сәуір 2009
Қостанай облысында көлікпен мұз астына түсіп кеткен екі адамның денесі іздестірілуде
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Қостанай облысында көлікпен мұз астына түсіп кеткен екі адамның денесі іздестірілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Қостанай облысының Жалғызтаң ауылында Терісаққан өзенінде «Ауди» көлігі абайсызда мұз астына батып кетіп, екі ер азамат опат болған. Судағы құтқару қызметінің күшімен адамдардың денелері іздестірілуде.