Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қамысты АІІБ-нің қызметкерлері төрт аудан - Жітіқара, Қамысты, Денисов және Наурызым аудандарының аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты анықтады.
Мобильдік топ қылмыскерлердің ізімен 60 шақырымнан астам жер жүрді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар қамауға алынды. Олардың облыс аумағында бұрын жасалған және ашылмаған мал ұрлықтарына қатыстылығын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мобильдік топ полицейлері екі күнде ондаған автомобильдерді тексерді. Сәйкес құжатсыз мал терілерін, сондай-ақ 13 бас ірі қара мал мен 7 жылқыны заңсыз тасымалдау фактілері анықталды. Мобильдік топ жұмысы желтоқсанның аяғына дейін жалғасады.