Қостанай облысында республиканың электрондық құжаттар айналымы енгізілді

ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімдігінің аппаратында ведомствоаралық электрондық сандық қолтаңба қолданылатын ведомствоаралық элктрондық құжаттар айналымы енгізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық әкімдіктің Ақпараттық технологиялар бөлімінің мәліметтері бойынша, бұл шара «Электрондық үкімет» республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындалып отыр. Осылайша «Электрондық әкімдік» аймақтық бағдарламасының басты мақсаттарының бірі жүзеге асырылып отыр. Жүйені іске қосу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин: «Енді құжаттар айналымын басқару үдерісі оңтайландырылып, мемлекеттік органдарда қағаз құжаттардың айналымы қысқартылады»,- деді.