Аймақ басшысының ресми сайтында жарияланған құттықтауда: «Қостанай облысы ел егемендігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан қамбаларына 8,7 млн. бидай төгіп, әр гектардан 2 тоннадан астам астық алды», - делінген.
Аймақ басшысы ауыл халқын еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға қосқан ерен еңбектері, өз істеріне деген адалдығы мен туған жеріне деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтты.