Мемлекет басшысы Қостанай облысының жақсы дамып отырғанын атап өтті. «Жаңа жұмыс орындары, нысандар ашылуда, жеделдете индустрияландыру бағдарламасы ойдағыдай орындалуда, денсаулық сақтау және білім беру мәселелері шешілуде, - деді К.Мәсімов. - Мен бұған қуаныштымын және С.Кулагинге алғыс айтамын».
17:38, 09 Шілде 2010
Қостанай облысының әкімі Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындап отыр - К.Мәсімов
ОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын ойдағыдай орындап отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Арқалық қаласында өткен брифингіде айтты.