Қостанай облысының бір ауданында әйелдерге қарсы 300-ге жуық қылмыс тіркелген (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай маңында орналасқан Затобольск кентінде дөңгелек үстел өтті, онда әйелдер мен балаларға қатысты күш қолдану проблемалары мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Шара «әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акция аясында өтті.

Бұл туралы Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.

Елдің әл-ауқатынан көрінетін қоғамның жалпы жағдайы отбасылық өзара қарым-қатынасқа байланысты. Бұл туралы өздерінің сөйлеген сөздерінде кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия өкілдері, психологтар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар қызметкерлері, ҚАЖ департаменті пробация қызметінің қызметкерлері, ювенальдық полиция, ҮЕҰ және Қостанай облыстық сотының өкілдері атап өтті», - деді ҚАЖ Қостанай аудандық пробация қызметінің қызметкері Динара Мадиярова.

Кездесу барысында әлеуметтік әлжуаз отбасылармен жұмыс, отбасында жағымды психологиялық ахуал орната білу, әйелдер мен балалардың зорлық-зомбылығына қатысты қоғамның нөлдік төзімділік қағидатын ұстануы мәселелері талданды. 2015 жылғы 11 айда Қостанай ауданы аумағында әйелдерге қатысты 300-ден астам қылмыс тіркелген. Бұл қылмыстардың негізгі себептері ішімдік ішу, жәбірленушілердің бөтен адамға сенім артуы салдарынан болған.

Дөңгелек үстелге пробация қызметінде есепте тұрған әйелдер де қатысқанын атап өткен жөн. Олар кәмелеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеумен айналысуға міндетті кезең - бала 14 жасқа толғанға дейін үкімді орындау мерзімін шегеру түрінде жазаларын өтеуде.