Ерлан Әлімбайұлы 1978 жылы Қостанай облысында туған. 2001 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Инженер-механик», Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Экономика және бизнес» бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қостанай бизнес және басқару колледжі қабылдау комиссиясының хатшысы болып бастаған. Кейін осында аға зертханашы, директордың орынбасары лауазымында еңбек етті.
2004-2012 жылдары Қостанай облысы әкімінің аппаратында және Астана қаласы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2012 - 2015 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2016-2018 жылдар аралығында Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.
2018-2021 жылдары Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары.
2021 жылдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған.