Қостанай облысының Құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов аппараттық кеңесте облыстық Құрылыс басқармасының жаңа басшысы Валентина Эпованы таныстырды.

Өңір басшысы Валентина Михайловна Эпованың аталмыш салада тәжірибесі мол екенін атап өтті: ол Қостанай әкімдігінің құрылыс басқармасының бастығы болды, соңғы жылдары «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылыс департаментінің директоры қызметін атқарған.

Басқарманың бұрынғы басшысы Ғалия Мұрзақанова өз өтінішімен жұмыстан кетті.