Қостанай облыстық өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілі Зәмзәгүл Айдарбекқызының ақпараты бойынша, қып-қызыл жалын түсті жүк машиналарының жылдам маневр жасау сайысы бұрынғы «Энергетик» стадионында өтті. Жарысқа Қостанай облысындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің және жекелеген өрт сөндіру бекеттерініңбарлық жүргізушілері қатысты. Олардың алдына мынадай: «Шеңбер», «Шұңқыр», «Бокс», «Ирелең жоқ», «Тоннелді қақпа», «Көбіктер», «Ашық су көзі» сияқты кедергілердің түрлерінен өту сынағы қойылды.
«Жеңімпаздар үздік жүргізуші атағына және бағалы сыйлықтарға ие болды», - деп хабарлады З.Айдарбекқызы.