Іс материалдары бойынша, 2015 жылы жауапкер мен әкімдік арасында келісім шарт жасалып, Герцен көшесінен 1 бөлмелі пәтер жалға берілген.
Сот отырысы барысында анықталғандай, жауапкердің қызы 2016 жылдың наурыз айында әкесі науқастанып Астанада емделіп жатқанда, емделуге қаражат керек болғандықтан пәтерді екі ай мерзімге жалға берген. Алайда бұл туралы ардагер білмеген. Қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысының ардагері аталған пәтерде тұрып жатыр.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 68-бабының 1 бөлігіне сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жатады.
Сот жауапкердің ұлғайған жасын, 1922 жылы туған, және оның Ұлы Отан соғысының қатысушысы екендігін ескерді. Сот шешімімен Қостанай қаласы әкімінің ардагерді үйден шығару туралы талап арызы қанағаттандырылмады.
Шешім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.