Қостанайда 2008 жылы түрмеден қашқан сотталушы ұсталды

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері 2008 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты Қостанай қаласында қолға түсірді, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметінен.

47 жастағы сотталушы түрмеде адам өлтіргені үшін отырған, ал 2008 жылдың сәуірінде Алматы облысындағы түзеу мекемесінен қашып кеткен. Сол кезден бері ол іздеуде болған еді.

ҚР ҚК-нің 358 бабына сәйкес жазасын өтеп жүрген тұлғаның бас бостандығынан айыру жерінен қашуы үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын өтейді, деп атап өтті пенитенциарлық жүйенің баспасөз қызметінен.