Атап айтқанда, инвестициялық бағыттарды іске асыруға - 6,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен - 5,2 млрд. теңге, жергілікті бюжеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді.
2009 жылдың қорытындысы бойынша, 6 392,5 млн. теңге (жылдық жоспардың 99,1 пайызы) игерілді. 139 инвестициялық жобаларды іске асыру барысында 10 216 жұмыс орны құрылды (жоспардың 100 пайызы). Еңбекпен қамту органдары жолдамасы бойынша 4 201 адам жұмысқа орналасты.