ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның айтуынша, барлық күдікті ұрлықпен айналысып, істі болғандар. Жедел-тергеу тобы ашқан аса көлемді тонау бір жарым ай бұрын болды. Қылмыскер жеке үйден 1,5 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. 22 жастағы күдіктіден ломбардтың кепілзаттық билеттері табылды.
«Соңғы үш күнде сериялы автокөлік ұрлауға күдіктілер ұсталды, - дейді Е.Кашарина. - Олар 25 және 27 жастағы екі қостанайлық болып шықты, олардан ұрланған аккумуляторлар мен бейнерегистраторлар табылды». Полиция статистикасына сәйкес, Қостанай облысындағы түрлі деңгейдегі ұрлық-қарлықтың 50 пайыздан астамы ашылды.