Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға қаладағы КСК шағын ауданында болған.
«Қостанай қаласы полиция басқармасы «Солтүстік» бөлімінің қызметкерлері №13 автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғады. Ол 60 жастағы қала тұрғынын басып кеткен. Жәбірленуші ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазір осы факт бойынша тергеу басталды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.