Отырысқа қатысушылар әйел денсаулығын отбасы негізі ретінде насихаттау керектігі жайлы сөз қозғады.
Дөңгелек үстел жұмысына үкіметтік емес ұйым өкілдері, денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мәслихат депутаттары қатысты.
Іс-шара «Нұр Отан» ХДП-ның «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылған аймақтық дөңгелек үстелдер аясында өткізілді.