Жаңа қойылымның режиссері - Қазақстанның халық әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының бас режиссері Есмұхан Обаев. Ол спектакльді қырғыз драматургі Бексұлтан Жәкиевтың әкелер мен балалар арасындағы қарым-қатыс мәселелері туралы пьесасы бойынша әзірлеген.
Театрдың әдеби бөлімінің меңгерушісі Татьяна Созинаның айтуынша, спектакль оқиғасы қарттар үйінде басталады. Кейіпкерлердің еске түсірулері оқиғаның негізін құрайды.