Бағдарламаға Қостанай мемлекеттік университетінің жетекші оқытушылары тартылып отыр.
Б.Мұқышевтің айтуынша, бұл - жұмыс істеп жатқан бизнесмендерге ғана емес, өз істерін бастауға ниетті адамдарға да көмектесуге арналған білім бағдарламасы. «Әлемдік тәжірибе халықтың жартысынан астамы шағын және орта бизнеспен қамтылғанын көрсетіп отыр. Неліктен екені белгісіз, Қазақстанда бұл көрсеткіш бірнеше есе аз», - дейді Б.Мұқышев.
Сондықтан да «Бизнес-кеңесші» курстары халықтың экономикалық сауаттылығын жетілдіруді және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуды мақсат етіп отыр.