Кеңеске Қазақстанның солтүстік аймақтарының денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысуда. Бірақ ұйымдастырушылар шараның басталуын сәл кейінге ысыруға мәжбүр болды, себебі ауа райының жайсыздығына байланысты вице-премьер Ербол Орынбаев пен Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің Қостанайға сапары бірнеше сағатқа кешігуде.
Ал әзірге кеңеске қатысушылардың назарына Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ұлттық жүйесі таныстырылуда. Аталмыш жүйе 2010 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енгелі отыр.