Эвакуатор жүргізушісі айтылған жерге уақытында жеткен. Тапсырыс берген екі жігіттің өтінішімен ол көлікті Затабол кентіндегі қараусыз қалған үйдің қасына алып барады. Ақысына 4000 теңге алған.
Бұл уақытта көліктің иесі 22 жастағы жігіт полицияға шағымданып, олар көлікті іздеу жұмыстарын бастап кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының барысында күдіктілер белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.