ҚазАқпарат бұрын да хабарлағандай, бұл қылмыс 16 тамыз күні жасалған. Полицияға хабарласқан адамдар жеке такси жүргізушісі қызметімен айналысатын «Росс» компаниясының кеңсесінен мылтық дауысы естілгенін айтқан. Оқиға орнына келген жедел топ қолында 16 -шы оқпанды қаруы бар адамды ұстаған.
Тергеу барысында айыпталушы кәсіпкерді өлтіремін деген ойы болмағанын айтқан. Ол тек кеңсеге қару алып келіп, өзіне жалақы төлемеген басшыны қорқытпақшы болған екен.
Күдіктінің қылмысы толығымен дәлелденіп, ол қатаң режимдегі қамау мекемесінде 13 жыл отыратын болды.
Үкім әзір заңды күшіне енген жоқ.