Қостанайда кәсіпкердің өліміне тапсырыс берген адам құрықталды

ҚОСТАНАЙ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Кеше Қостанайда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тапсырыспен адам өлтіруге қатысты деген күдікпен жергілікті тұрғынды құрықтау операциясын жүргізді.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашаринаның айтуынша, 21 жастағы қостанайлық азамат өз құрбанының көлігіне иелік ету үшін адам өлтірушіні жалдаған. Адам өлтіргені үшін ол орындаушыға 500 мың теңге төлеуге уәде берген. Бірақ дайындалып жатқан қылмыс туралы ақпарат полицейлерге белгілі болып қалады. Полицейлермен бірге арнайы операцияға қатысқан жаналғыш тапсырыс берушіге ойлаған арам ойын іске асырғанын айтады. Тапсырыс беруші кездесуге келгенде, оны арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері құрықтады.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.