Қостанайда Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған ғылыми конференция өткізілді

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақстан Республикасының Конституциясы - берік әлеуметтік бағытталған мемлекетті құрудың құқықтық негізі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференция жұмысына ғылыми және педагогикалық қоғамдастықтың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық саяси партиялар филиалдарының, діни конфессиялардың, этномәдениет орталықтарының көшбасшылары, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылар Қазақстан Конституциясының қоғамдық-саяси мәніне ғылыми тұрғыда сараптама жасап, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде еліміздің халықаралық беделін нығайтудағы рөлін ой елегінен өткізуге тырысты. Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар топтамасы шығарылатын болды.

Сондай-ақ, конференция барысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговтың баяндамасының көрсетілімі болды. Соңында ҚР Конституциясының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық журналистер байқауының нәтижелері шығарылды.