Әкім баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауын талқылады.
Жиналған қауым Жолдауды түсіндіру мен жүзеге асыру жоспарлары, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау шаралары туралы хабардар болды.
Облыс әкімі С.Кулагин ағымдағы жылдың басты саяси құжатын түсіндіру мен жүзеге асыру үшін және ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты атап өту үшін тиісті міндеттер қойды.