Бұл туралы «Костанайские новости» басылымы жазады.
Облыстық ІІД ӘПБ инспекторы Юрий Панасенко: «Audi көлігі 13 жасар оқушыны соққан сәтте ол жаяу жүргінші жолағымен жолды кесіп өтіп бара жатқан. Көліктің жылдамдығы жоғары болғаны сонша, ол баланы әлденеше метр жерге итеріп апарып, бетон қабырғаға жаныштаған. Соққы күшінен қабырға шытынап кеткен. Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат 39 жаста. Ол сол сәтте мас болған. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді.