Қостанайда «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы басталды

ҚОСТАНАЙ. 18 шілде. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жыл сайынғы дәстүрлі облыстық «Мектепке жол» акциясының басталғанын жариялады. Іс-шара 2011 жылғы 15 шілде мен 15 қыркүйек арасында өтеді.

Комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай, акцияның басты мақсаты - жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Өткен жылғы акцияның қорытындысы бойынша мектеп жасындағы 11 мың қостанайлық бала шамамен 52 миллион теңге көлеміндегі көмекке ие болған.