Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты, жетім балалар, ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы отбасылардан шыққан, толық емес және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға нақты мекенжайлық көмек көрсету. Айта кету керек, өткен жылы «Мектепке жолдың» арқасында он мыңнан астам оқушы 50 миллион теңгеден астам сомаға нақты көмекке ие болды.
Акцияға тұрақты қатысушылардың арасында - мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, бизнесмендер, түрлі меншік салаларының кәсіпорындары мен мекемелерінің басшылары, ҮЕҰ, саяси партиялар, қарапайым азаматтар бар.