Қостанайда «Отбасылық жоба» сөреге шықты

ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 10 жылдығына орай БАҚ үшін «Отбасылық жоба» арнайы байқауы жарияланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Байқауды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Қостанай облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар өкілі Нина Денисованың айтуынша, байқаудың мақсаты «БАҚ арқылы отбасы мен отбасылық құндылықты дәріптеу, өйткені мұндай құндылықтар қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, тұрақты отбасылық қатынас негізінде жастардың өз өмірін қалыптастыруларына игі ықпал етеді».Байқаудың қорытындысын жыл соңына қарай беделді сарапшылар комиссиясы шығарады.