19 қазанда ұры Текстильщиков даңғылы бойындағы коттеджге терезе арқылы кіріп, бағалы заттарды жымқырған.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 21 қазанда жедел уәкіл Аян Шаяхметов 35 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ұсталған 8 қазанда ғана түзету мекемесінен бостандыққа шыққан.
Қазіргі таңда ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.
Тағы бір ірі ұрлық 20 қазанда Павлов көшесі бойындағы коттеджде орын алды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Полицейлер ұрланған заттарды сатып алған адамды да тапты. Одан 350 ұялы телефон тәркіленді.