«ЕуразКаспиан сталь» ЖШС құрылыс арматурасын шығаруға негізделген. Жылдық өндіріс қуаты 450 мың тоннаға жетеді. Зауытта 250-ден астам адам қызмет етеді. Орташа жалақы 160 мың теңгені құрамақ.
«Қостанайда бұндай металлургиялық кәсіпорын пайда болғанына қуаныштымын. 450 мың тонна сұрыпты прокат Кеңес Одағы өлшемі бойынша да ірі кәсіпорын болып саналады. Бұл қажетті өнім. Біз Қазақстанға үлкен көлемде құрылыс металын, арматураларды және басқа өнімдерді тасымалдаймыз. Сондықтан да бұндай зауыттың іске қосылуы айрықша қуантады»,-деді Мемлекет басшысы.