Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өртенген жердің жалпы ауданы 900 шаршы метрді құраған, нысанның шатырынан ештеңе қалмаған. Өрттің себебі мен келген материалдық шығын анықталуда. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бірақ, өрт сөндірушілер жедел және табанды әрекет етпеген жағдайда, өрттің салдары ауырлау болатын еді, дейді дереккөз.
Өрт сөндіру кезінде іштен автокөлік, жеті оттегі баллоны, үш газ баллоны, битум құйылған бөшке және олиф құйылған бес литрлік 100 канистр шығарылып, қауіпсіз аумаққа көшірілген.